Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж студенттері
АТА-АНАЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама:
сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;
балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатынкиім мен халаттарда емес);
Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек. Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;
сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.
Колледждің әлеуметтік педагог, психологы
Оңтүстік қазақстан индустриялды-инновациялық колледж студенттері мен ата-аналарының назарына!
- Қолды жиі жуу және антисептик құралдарын пайдалану қажет.
- Қолды сабынмен әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы әбден жуыңыз.
- Егер жақын жерде қол жуатын шұңғылша, сабын болмаса, микробтарды өлтіру үшін кәдімгі антисептик пайдаланыңыз.
- Дәріханадан сатып алған спирт те болады. Егер оған аллергия болса, санитайзерді пайдаланыңыз.
Аман-сау жүріңіздер!

Оңтүстік қазақстан индустриялды-инновациялық колледж студенттері
АТА-АНАЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
- Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, үнемі балаларыңыздың үйде болуын қадағалаңыздар;
- Жеке бас тазалығын міндетті түрде сақтап отыру қажет;
- Балаларыңызды мүмкіндігнше қала сыртына, көшеге, көпшілік шоғырланатын жерлерге шығармаңыздар, өз-өздеріңізді оқшаулаңыздар!
- Адамдардың жаппай жиналатын орындарында болуын шектеңіздер!
- Дүрбелеңге салынбаңыздар! Сабыр сақтаңыздар! Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді шақырамыз!
- Қашықтықтан оқыту жүйесі кезінде балаларыңыздың онлайн сабаққа қатысуын, берілген тапсырмаларды талапқа сай орындалуын қадағалауларыңызды сұранамыз.
- Күн тәртібінде балаларыңыздың тиімді тамақтануын, демалуын қамтамасыз етулеріңізді сұранамыз.
- Жауапкершілік пен тәртіп – қауіпсіздіктің басты шарты.
Колледж әкімшілігі, әлеуметтік педагог, психолог