БЕКЖАНОВА ДАРИЯШ ДҮЙСЕНОВНА
КОЛЛЕДЖ ПРЕЗИДЕНТІ
Бекжанова Дарияш Дүйсенқызы 1979 жылы 21 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген.
1986 жылы Арыс қаласындағы №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебіне оқуға қабылданып, 1996 жылы осы мектеп қабырғасының түлегі атанды.
1996 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің экономика және құқық мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын 2002 жылы бітірген.
1998 жылы Балабаев Әкім Тұрғанбекұлына тұрмысқа шығып, отбасылы болды. Бүгінгі таңда бес ұл-қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.
2011-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде директордың қаржы-экономикалық, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдан бері «Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі» жеке білім беру мекемесінің президенті.
