ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

ӘДІСТЕМЕЛІК ІС-ШАРАЛАР

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен республикамызда «Sanaly Urpaq» жобасы іске асырылуда. Осы игі жобаны іске асыруға біздің Оңтүстік Қазақстан индустриялды- инновациялық колледжінің оқытушылары мен студенттерінен құралған топ та өз жұмысын бастап кетті. 26 ақпан күні осы топтың қызметінің аумағын кеңейту және деңгейін көтеру мақсатында жаңа үлгідегі техникалармен жабдықталған «Sanaly Urpaq» кеңсесі, «eGov» электронды қызмет көрсету орталығы, «Adal duken» бұрышын ашу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, салтанатты түрде ашылуы өткізілді. Іс-шараға облыстық білім басшысының орынбасары Р.И.Ергашева, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінен Ә.Сапарбеков, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ЖЕ АҚ Түркістан облысы филиалынан А.Мади, Қ.Төленбаева, А.Нишанбаев, Н.Гаипова қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Республика көлемінде өтіп жатқан "Адалдық сағаты" біздің колледждімізде де өз жалғасын тапты. Сайрам аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ә.Әбдіқадыров, "Нұр Отан" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы С.У.Сағындықов , Сайрам ауданы мәслихатының депутаты М.М Есалиев, Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Т. Хамраев, Білім бөлімінің заңгер консультанты А.Д.Ешметов баяндама оқыды, арнайы слайд көрсетіліп, Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттады. Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесінде адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеу-маңызды бастама, игі іс.

Біздің  колледжімізде аудан әкімі Б.Мамаев, Нұр Отан партиясының Түркістан облысы бойынша бірінші орынбасары Б.Д.Тәжібаев, Қазақстан халқы ассамблеясы секреториаты меңгерушісі Ғ.Қ.Ырысбековтың қатысуымен 2019 жыл 2 қыркүйекте Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын жастармен талқылау мақсатында кездесу болып өтті. Онда қоғамдық келісімді нығайту, бірлігімізді арттыру мәселелеріне тоқталды. Келесі жылы Әл-Фарабидың 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары атап өтілетіні айтылды. Әсіресе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын айтып өтті.